Индонезияның Бали аралында өтіп жатқан Азия чемпионаты аясында семсерлесуден ерлер арасындағы командалық жарыстың финалы аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алтын жүлде үшін Қазақстан мен Жапония құрамалары бақ сынасты. Тартысты кездесуде жеңіс жапон спортшыларына бұйырды. Есеп — 45:39.

Осылайша, Қазақстан құрамасы екінші орынды иеленді. Күміс жүлдегер атанған спортшылар: Елмир Алимжанов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай.

Айта кетейік, Жапония құрамасы 2024 жылғы Олимпиадада да финалға дейін жетіп, Венгрияға жол берген болатын.

Осылайша, Қазақстан құрамасының еншісінде екі жүлде бар. Бұған дейін Вадим Шарлаимов жекелей сыннан қола медаль жеңіп алған еді.