Жетісуда прокурорлар жер телімін мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кәсіпкерге ҚР Жер кодексін бұза отырып, сауда-саттықсыз (аукционсыз) қоқыс өңдейтін зауыт салу үшін көлемі 2 гектардан астам жер учаскесі берілген.
"Талдықорған прокурорының қадағалау актісімен облыстың жер ресурстарын басқару департаменті талап арыз беріп, сот оны қанағаттандырды", — деп хабарлады Бас прокуратура.
Әкімдіктің қаулысы заңсыз деп танылып, құны 3,9 миллион теңге болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.