Алматы облысында Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында «Органикалық және карбондық егіншілікті дамыту: тұрақты ауыл шаруашылығы» атауымен "Дала күні" өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы .
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясы Мемлекет басшысының климаттық тұрақтылықты қамтамасыз ету және елдің көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында өткізген іс-шарада көміртегі егіншілігін ілгерілету, топырақ құнарлылығын арттыруға арналған инновациялық тәсілдер, сондай-ақ органикалық ауыл шаруашылығын қолдаудың институционалдық тетіктері талқыланды.
Бұл ауқымда басқосуға Жетісу, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарынан, Ауыл шаруашылығы министрлігінен, ғылыми-зерттеу институттарынан, жоғары оқу орындарынан және халықаралық ұйымдардан сарапшылар мен мамандар қатысып, өзара тәжірибелерімен алмасты.
Шара қорытындысында елімізде органикалық және карбондық егіншілікті дамыту бойынша нақты ұсыныстар мен іске асыру жолдары көрсетілген арнайы резолюция қабылданып отыр.