Байқау жас мамандарды қолдауға бағытталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Jas Kenes Sıylıgı" – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен 2024 жылы құрылған тәуелсіз жастар сыйлығы. Бұл сыйлық еліміздің экономикасы мен қоғамдық өмірінің негізгі салаларында өзін таныта білген жас мамандарға табысталады.
Өткен жылмен салыстырғанда биыл жас ғалымдар, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен дәрігерлер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, креативті индустрия және атом өнеркәсібі саласының өкілдері сияқты жаңа мамандықтар енгізілді.
Байқауға Қазақстан Республикасының 35 жасқа толмаған (35 жас қоспағанда) азаматтары қатыса алады.
Өтінім мына номинациялар бойынша қабылданады:
- "Janqıarlyq" – ҚР ішкі істер органдары мен қарулы күштерінің қызметкерлеріне арналған;
- "Altyn jürek" – орта және кіші медицина қызметкерлеріне (жедел жәрдем, акушер, санитар және т.б.) және дәрігерлерге арналған;
- "Önerkäsıp" – өңдеу өнеркәсібі, тау-кен-металлургия кешені және экономиканың басқа да өндірістік секторларында жұмыс істейтіндерге арналған;
- "Bolaşaq turaly qamqorlyq" – инклюзивті оқу орталықтарының қызметкерлеріне, арнайы қызмет көрсететін ұйымдарға, әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелерге (балалар үйлері, хоспистер, қарттар үйлері, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету орталықтары және т.б.), сондай-ақ волонтёрлерге арналған;
- "Bılım jäne Ğylym" – мектепке дейінгі, орта, ТжКБ, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне, сонымен қатар ғалымдар, ғылыми қызметкерлер мен зерттеушілерге арналған;
- "Qaisar" – авариялық-құтқару қызметі, өрт сөндірушілер және азаматтық қорғаныс жүйесінің өзге де ұйымдарының қызметкерлеріне арналған;
- "Altyn qol" – сырлаушы, сантехник, құрылысшы және т.б. жұмысшы мамандықтарының өкілдеріне, сондай-ақ ПИК, МИБ және елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз етуге жауапты ұйымдардың қызметкерлеріне арналған;
- "Zharyq" – энергетика саласының, атом өнеркәсібінің, мұнай-газ кәсіпорындарының қызметкерлеріне арналған;
- "Örken" – агроөнеркәсіп кешені, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және азық-түлік өнімдерін өндіру саласындағы мамандарға арналған;
- "Örleu" – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (оның ішінде жасанды интеллект, деректерді талдау және т.б.) және креативті индустрия саласының қызметкерлеріне арналған.
Байқауға қатысуға өтінімді 2025 жылғы 20 маусым мен 20 шілде аралығында сайтында беруге болады.
Конкурстық іріктеу 3 кезеңнен тұрады. Қорытынды бойынша әр номинациядан 2 жеңімпаз, барлығы 20 жеңімпаз анықталады. Байқаудың жүлде қоры – 20 миллион теңге (әр жеңімпазға 1 миллион теңгеден).
Байқаудың бас серіктесі және демеушісі – Brave Talents компаниясы.
Сыйлық пен Кеңес қызметі туралы толық ақпаратты сайттан біле аласыздар.