Көлік тізгіндеген азаматтарға басқа балама бекеттерді қарастыруға кеңес берілді.

Қазақстан мен Ресей шекарасындағы Маштаково бақылау бекетінің өткізу мүмкіндігі уақытша шектеледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Росгранстрой"-ға сілтеме жасап.

"Порталдық инспекциялық-тексеру кешенінде жұмыстардың жүргізілуіне байланысты Орынбор облысындағы Қазақстанмен шекаралас Маштаково автокөлік өткізу бекетінде Ресейге кіреберісте жергілікті уақыт бойынша сағат 22:00-ге дейін көлік кептелісі болуы мүмкін. Росгранстрой жүк тасымалдаушыларға шекарадан өтуге қосымша уақыт қарастыруды ұсынады", – делінген хабарламада.

Бұдан басқа Тёплое (тек Қазақстан және Ресей азаматтарына арналған) немесе Ілек секілді балама өткізу бекеттерін пайдалану да ұсынылып отыр.