Алматыда сумен жабдықтау жүйесінің тұрақтылығын арттыруға бағытталған инженерлік желілерді қайта жаңарту және сумен жабдықтау нысандарындағы технологиялық жабдықтарды ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осы жұмыстар аясында 2025 жылғы 24 маусымда сағат 08:00-ден 18:00-ге дейін көшелердің контурында суық суды уақытша тоқтату жоспарлануда:
Толоконникова – Жандосова – Береговой – Шаляпина – Сәтбаев.
Әкімшілік және коммерциялық нысандар:
- Беркімбаева атындағы мектеп-интернаты
- Әуезов ауданының ХҚКО
- Жандосова көшесі 63, колледж
- Жандосова көшесі 65, техникум
- Экономика академиясы Жандосова көшесі, 59
- Мал шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Жандосова көшесі, 51
- Қорғаныс министрлігінің госпиталі, Жандосова 53
"Алматы су" уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, тұрғындар мен тұтынушылардан түсіністікпен қарауды сұрайды.
Барлық сұрақтар бойынша 274-66-66 телефонына хабарласуға болады.
19 маусымда Алматыда Сайна – Шаляпина – Яссауи – Жандосова көшелері алаңында су және кәріз желілерін тарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарына байланысты Яссауи көшесінде жаз бойына дерлік көлік қозғалысы шектелетіні белгілі болды.