Шығыс Қазақстанға барған туристер қауіпсіздіктерін өздері қамтамасыз ете алады.
Әр адам ұялы телефонға арнайы QR кодты сканерлейді, жазады inbusiness.kz сайты.
Бұл бастаманы Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті жүзеге асырады. Жүйе арқылы құтқарушылар туристердің баратын бағыты мен жүретін жолын бақылап отырады. Бұл жүйені пайдалану үшін смартфон арқылы арнайы кодты сканерлеген соң, бірнеше сауалға жауап беру қажет. Сауалдар өте оңай. Аталған ақпарат құтқарушыларға төтенше жағдай кезінде туристерді тез табуға көмектеседі. Онда аты-жөні, қанша адам, қай маршрутты таңдағанын және мобильдік нөмерлері жазылады.
Тауда оқыс жағдайға душар болса немесе орманда адасып кетсе, туристерге төтенше жағдайлар қызметінің мамандары дереу көмекке келеді. Бағдарлама 4 тілде жұмыс істеп тұр.