Қазақстан мен Ресей мамандары АЭС-тың техникалық параметрлерін талқылауға кірісті.
Бұл туралы Ресей Федерациясы сыртқы істер минитстрлігінің ресми өкілі Мария Захарова мәлімдеді, деп жазды, Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова ПХЭФ-2025 форумында сөз сөйлейді
© Photo : Росконгресс/Сергей Михайличенко
«Росатом» Қазақстандағы АЭС-тың құрылысы бойынша халықаралық консорциумның көшбасшысы ретінде анықталған болатын. Компанияның жетекшігімен алғашқы станция салынады.
«Біз бұл оқиғаны Ресей мен Қазақстан арасындағы мықты одақтастық қарым-қатынастың қарышты дамуының тағы бір куәсі ретінде қарастырып отырмыз. Жақын көршіміздің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған осы стратегиялық жоба аясында өз міндеттерімізді кәсіби түрде орындауға дайынбыз», — деді Захарова Петербург халықаралық экономикалық форумы аясындағы брифингте.
Оның айтуынша, екі елдің мамандары атом электр станциясының техникалық және қаржылық параметрлері бойынша келіссөзді бастады. Құрылыс жұмыстары кезінде жергілікті қамтуға және ұлттық кадрларды даярлауға басымдық беріледі.
«Былайша айтқанда, қазақстандық өнеркәсіптің толыққанды жаңа саласы құрылады және экономиканың дамуына мықты серпін береді. Осы орайда айта кетер жайт, бүгінде әлемдік нарықта жалғыз «Росатом» ғана шетелде бір уақытта 22 энергетикалық блокты салып жатыр. Сондай-ақ шетелдік компаниялардың құрал-жабдықтарын өз жобаларына инеграциялау жағынан тәжірибесі бар. Мемлекеттік корпорацияда ең жоғары экологиялық стандарттар мен қауіпсіздік талаптарына сай келетін АЭС-ты тұрғызу жағынан қажетті құзіреттері бар», — деп атап көрсетті Захарова.