Желіде оқиға орнына түсірілген суреттер таралды.
Маңғыстау облысында шығу тегі белгісіз ұшқышсыз ұшатын аппарат анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.
19 маусым күні Қарақия ауданында шекара маңындағы Болашақ теміржол станциясының жанынан белгісіз ұшатын аппарат табылды.
Ашық дереккөздердегі ақпаратқа сүйенсек, бұл құрылғы ұшқышсыз ұшатын аппарат болуы мүмкін. Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берді.
"Ұшатын аппарат елді мекендерден шалғай жерде табылды. Ешқандай залал жоқ. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.