Қазақстандық теннисші Александр Бублик Германиядағы ATP 500 турнирінің үшінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Александр Бублик турнирдің екінші айналымында әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнерді 3:6, 6:3, 6:3 есебімен жеңіп, үшінші кезеңге жолдама алды.

Әлемнің көшбасшы теннисшісінен басым түскен отандасымыз жартылай финалға шығу үшін әлемнің 23-ракеткасы, чехиялық Томаш Махачпен бақ сынайды.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина аталған турнирдің ширек финалына жолдама алған болатын.