30 маусымда Астанада «Қазақстанның спорт журналистикасы: дәстүрден цифрлық трансформацияларға дейін» атты спорт журналистикасы бойынша семинар өтетді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, курс аясында аналитикалық және шолу материалдарын дайындау ерекшеліктері, спорт журналистикасындағы жасанды интеллектінің рөлі, БАҚ-тың спортшы имиджіне әсері, танымал спортшылармен сұхбат жүргізу ерекшеліктері және т.б. тақырыптар талқыланады.

Семинар министрліктің 2025 жылға арналған Халықтың медиасауатын дамыту және медиасаласы мамандарының біліктілігін арттыру жоспары шеңберінде жүзеге асырылады. Спикер ретінде «Qazsport» телеарнасының өкілдері сөз сөйлейді.