Қазақстан құрамасы дзюдодан Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жекелей жарыстарда өнер көрсетуін аяқтады. Дзюдошы Ерасыл Қажыбаев әлем чемпионатында Олимпиада жүлдегеріне есе жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Команда сапынан татамиге соңғы болып Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) шықты.

Алғашқы белдесуінде ол Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионы – оңтүстіккореялық Ким Минджонмен белдесті. Қарсылас кездесуді мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады.

20 маусымда біздің дзюдошылар командалық жарыстарда өнер көрсетеді. Алғашқы кездесу Бразилия құрамасына қарсы өтеді.