Елде күштік құрылым қызметкерлері мен әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдау шаралары күшейеді. Бүгін Сенат депутаттары осыған қатысты заң жобасын да қарады. Бірақ мақұлдаған жоқ.

Құжатта қызметтік баспананы 20 жылдан соң жекеменшікке тегін тіркеу мен тұрғын үй төлемдерін баспана сатып алуға жұмсау секілді бірқатар ереже қарастырылған. Алайда сенаторлар нақты осы тұрғын үй төлемдеріне қатысты бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынып, заң жобасын Мәжіліске кері қайтарды.