Қазақстанның бірінші, әлемнің 11-ракеткасы Елена Рыбакина Берлиндегі турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елена турнирдің 1/8 финалында WTA рейтингінде 74-орында тұрған, ал жұптық сындағы әлемнің бірінші ракеткасы, чехиялық теннисші Катерина Синяковамен кездесіп, оны екі сетте 6:4, 7:6 есебімен жеңіп шықты.
Берлин турнирінің биылғы жүлде қоры – 925 661 еуро. Жеңімпаз 142 610 еуро мен 500 рейтингтік ұпай иеленеді.
Еске салайық, бұған дейін Елена Рыбакина туған күнінде Берлиндегі турнирді жеңіспен бастағанын жазған едік.
Айта кетейік, 17 маусым күні Елена Рыбакина 26 жасқа толды.