Алматы хайуанаттар бағындағы тұрғындардың біріне аптап ыстықта ерекше күтім жасалуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы хайуанаттар бағы қызметкерлері аптап ыстықта жануарларға қандай күтім жасалуда екенін көрсетті. Мәселен, Пруга есімді ақ аюға жеке бассейнмен қатар қарлы алаңқай да әзірлеген.
"Біздің ақ аюымыз Пурга болса, сергітетін салқын суда шомылып, бассейнде өзінің "қалқымасымен" ойнап, рахаттанып жүр. Сонымен қатар, оның ашық қоршауында жайлы орта қалыптастыру үшін жасанды қар шашатын арнайы құрылғы жұмыс істейді. Пурга тұратын жабық бөлімде арнайы салқындатқышпен жабдықталған үңгір бар — сондықтан ол ең ыстық күндері де аптаптан тығылатын жер таба алады",- деп жазды зообақ әкімшілігі желідегі парақшада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Алматы хайуанаттар бағы / Алматинский зоопарк (@almatyzoo)
Бұған дейін алдағы күндері Астана мен Алматыда толассыз жаңбыр жауатындығы хабарланған болатын.