Ақтөбе облысының Жарлы ауылында қайғылы оқиға болды. 9 жастағы қыз қоқыс толы ескі құдыққа құлап кеткен. Баланы құтқару үшін артынан тағы бір адам түскен , бірақ қайта шыға алмады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
17 маусымда 9 жастағы қыз жеке үйдің ауласындағы тереңдігі 10 метр құдыққа құлап кеткен. Құдық қараусыз қалған, ішіне қоқыс толып қалған.
Ер адам баланы құтқаруға тырысып, артынан түскен. Алайда ол кері шыға алмаған.
"Құтқарушылардың көмегімен бала мен ересек адам құдықтан ес-түссіз күйде шығарылды. Аудандық төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері шұғыл түрде алғашқы медициналық көмек көрсетті. Алайда екеуі де қайтыс болды", — деді Ақтөбе облысының ТЖ департаменті өкілі.
Бұл оқиға бойынша тексеріс жүргізіледі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз