Тінту барысында ірі көлемде ақша мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген .

10 маусымда Орал қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлерден ақша бопсалады деген күдікпен топтың әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"8 қазақстандық ұсталды, екеуі соттың санкциясымен қамауға алынды", – делінген ҰҚК хабарламасында.

Бұл тұлғалардың әрекеттері аймақтың коммерциялық іс-әрекетіне қатысушыларына теріс әсер еткен.

Тінту барысында ірі көлемде ақша мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген. Қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.