Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы Құркелес ауылдық округінде орналасқан бір реттік ыдыс-аяқ шығаратын өндірістік цехы тәулігіне 100 мың дана өнім шығарып отыр. Онда 55 адам тұрақты жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Өңір экономикасында өзіндік пайдасын тигізіп отырған нысанға аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы барып, жұмысымен танысты. Цех директоры Ерлан Исаев аудан басшысына алдағы жоспарларын баяндады. Ал аудан басшысы өз сөзінде кәсіпорындар – аудан экономикасының тірегі екенін, жергілікті өндірісті қолдау арқылы тұрғындарды жұмыспен қамтып, ішкі нарықты отандық өніммен қамтамасыз ете алатынымызды атап өтті.
Кәсіпорында бір реттік пластик және қағаз ыдыс-аяқтар шығарылып, жергілікті және аймақтық нарыққа жеткізілуде.