Бас ауруы — адамды жиі әбігерге салатын аурудың бірі. Ол кенеттен пайда болып, жұмыс істеуге, демалуға немесе отбасымен уақыт өткізуге кедергі келтіреді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қолда дәрі болмаса, жағдай тіпті нашар дей беріңіз. Бақытымызға орай, бас ауруын дәрісіз жеңілдетудің тиімді әрі қарапайым әдісі бар. Ол – дәстүрлі қытай медицинасынан шыққан нүктелік массаж техникасы.
Бұл әдіс неден тұрады?
Бұл — дәстүрлі қытай медицинасында мыңдаған жылдар бойы қолданылып келе жатқан нүктелік массаж техникасы. Сізге тек саусақтарыңыз бен 5 минут уақыт қажет. Массаждың мақсаты — денедегі арнайы биологиялық белсенді нүктелерді белсендіру арқылы бұлшықет кернеуін азайту және қан айналымын жақсарту.
Бас ауруын 5 минутта басатын қадамдар
1. Самай массажы
- Сұқ және ортаңғы саусақтарыңызды самайыңызға қойыңыз;
- Жеңіл, шеңбер тәрізді қимылмен 30 секунд уқалаңыз;
- Кейін сол әрекетті қарама-қарсы бағытта қайталаңыз.
2. Қас арасындағы нүкте
- Қастардың арасындағы, мұрын үстіндегі нүктені табыңыз;
- 20–30 секунд бойы жеңіл қысым жасап, шеңбер жасап басыңыз;
- Бұл маңдай бұлшықеттерін босаңсытып, кернеуден туындаған бас ауруын жеңілдетеді.
3. Мойын мен желке массажы
- Бас сүйегінің түбіндегі, шаштың басталар тұсынан сәл жоғары орналасқан нүктені табыңыз;
- Бас бармағыңызбен 20–30 секунд жеңіл басып тұрыңыз, кейін жұмсақ уқалаңыз.
4. Қолдағы нүкте массажы
- Бас бармақ пен сұқ саусақтың аралығындағы тыл жағындағы нүктені табыңыз;
- Бұл аймақты 30 секундтай уқалаңыз, кейін екінші қолыңызда қайталаңыз;
- Бұл нүкте қытай медицинасында «Хэ-гу» деп аталады және бас ауруына қарсы тиімді деп саналады.
Бұл әдіс неге әсер етеді?
Нүктелік массаж қан айналымын жақсартып, бұлшықет кернеуін азайтады — бұл бас ауруының негізгі себептерінің бірі. Белгілі бір нүктелерді ынталандыру жүйке ұштарын белсенді етеді, ағзаны босаңсытып, ауырсынуды азайтады.
Қашан бұл әдіс көмектеспейді?
Егер бас ауруы мигрень, қан қысымының жоғарылауы немесе бастың жарақаты сияқты күрделі жағдайлармен байланысты болса, бұл әдіс тиімді болмауы мүмкін. Қосымша белгілер (жүрек айну, бас айналу, көрудің бұзылуы) болса, дереу дәрігерге жүгіну қажет.
Қосымша кеңестер:
- Көбірек су ішіңіз — кейде бас ауруы сусызданудан болады;
- Қараңғы әрі тыныш бөлмеде демалыңыз;
- Терең тыныс алу жаттығуларын жасап көріңіз — бұл стрессті төмендетуге көмектеседі.
Бұған дейін күлкі денсаулыққа оң әсер етінін жазған едік.