ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің "Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы" бірлескен қаулысының құрылымдық элементін тоқтата тұру туралы бірлескен қаулы жобасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еске салайық, Қазақстан 16 маусымда ипотекалық тұрғын үй несиесінің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін 25 пайыздан 20 пайызға дейін төмендеткен болатын.

Алайда бірнеше күннен кейін қаржылық реттеушілер жаңа түзетулер дайындады. Жобада ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша жылдық ең жоғары тиімді сыйақы мөлшерлемесін 2025 жылғы 1 қарашаға дейінгі кезеңге бұрынғы 25% деңгейіне қайтару ұсынылады.

Әзірлеушілер түсіндіргендей, банктерге "ішкі есеп пен операциялық жүйелерді жаңа параметрлерге бейімдеуге, қолданыстағы және жаңа ипотекалық өнімдердің шарттарын қайта қарауға, ақпараттық және жарнамалық материалдарды түзетуге" уақыт беру жоспарлануда.

Бірлескен бұйрықтың жобасы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми ресурсында жарияланды.

Бұған дейін "Қазақстандағы ипотекалық несие нарығының құлдырауының себебі неде" деген тақырыпта шолу жасаған болатынбыз.