2025 жылғы 17 маусымда бірінші вице-премьер Роман Скляр "Орталық Азия – Қытай" екінші саммитінің кулуарында екінші атом электр станциясына (АЭС) қатысты шешім қашан қабылданатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Бірінші вице-премьер шешім қабылдауды созуға ешкім ниетті емес екенін жеткізді.

"Күзге қарай қандай да бір сандар, мәліметтер болады деп ойлаймын, мүмкін одан ертерек те шығар. Алаң бойынша да (құрылыс орны) бір шешім болады деп ойлаймын", — деді Роман Скляр.

Журналистер екі АЭС-тің құрылысын қатар жүргізу жоспарланған ба деп сұрады. Склярдың айтуынша, екінші АЭС-тің құрылысын кешіктіру көзделмеген. Нысанның нақты құны техникалық-экономикалық негіздеме дайын болған соң белгілі болады.

2025 жылғы 14 маусымда Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысына жауапты консорциумды ресейлік "Росатом" компаниясы басқаратыны белгілі болды.

Қытайлық CNNC Қазақстандағы тағы бір АЭС құрылысы бойынша консорциумның жетекшісі ретінде танылды.