"Барыс" хоккей клубының бас директоры болып Сәкен Мұсайбеков тағайындалды, деп хабарлайды клубтың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры" корпоративтік қорының шешімімен "Барыстың" бас директоры қызметіне Сәкен Мұсайбеков тағайындалды", — делінген хабарламада.

Сәкен Мұсайбеков спорт саласында басшылық қызметтерде еңбек еткен. Бұған дейін Сәкен Жүнісбекұлы Қазақстан хоккей федерациясы бас директорының қызметін атқарды.

Айта кетейік, биыл сәуір айында Нұрлан Оразбаев "Барыстың" бас директоры қызметінен босатылған еді.