"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылдың 18-20 маусымы аралығында Қазақстанның үш ірі қаласында ауа райы қандай таң қалдыратынын айтты. Осылайша, Астанада үш күн бойы жаңбыр жауады. Алматыда 39°C ыстықтан кейін жауын-шашын түседі. Ал Шымкентте 41°С-қа дейін ыстық сақталады.
Астана қаласының ауа райы болжамы
- 18 маусым: құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 19-21°С, күндіз 34-36°C қатты ыстық.
- 19 маусым: күндіз құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ. Күндіз желдің екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 26-28°C.
- 20 маусым: күндіз құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ. Күндіз желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 23-25°C.
Алматы қаласының ауа райы болжамы
- 18 маусым: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 21-23°С, күндіз 34-36°C қатты ыстық.
- 19 маусым: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 22-24 градус нөлден жоғары, күндіз 37-39 градус жылы.
- 20 маусым: күндіз құбылмалы бұлтты, жаңбыр, найзағай. Ауа температурасы түнде 24-26, күндіз 29-31°C.
Шымкент қаласының ауа райы болжамы
- 18 маусым: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – секундына 13 метр. Ауа температурасы түнде 22-24 градус нөлден жоғары, күндіз 39-41 градус жылы.
- 19 маусым: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 24-26, күндіз 35-37°C.
- 20 маусым: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 32-34°C.
Айта кетейік, 17-19 маусымда Астана, Алматы қалаларында және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланған.
Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) маңызды мәлімдеме жасап үлгерді. Сол кезде мамандар бұл кезеңдегі өрттердің негізгі себебі ретінде от жағу, сөндірілмеген темекі тұқылы мен сіріңке, шөп пен қоқысты рұқсатсыз жағу, балалардың отпен ойнауы деп мәлімдеген.