Сүру жұмыстары басталды .

Алматыда "Арыстан" базарының бір бөлігін бұзу жұмыстары басталды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

"Ақсай-4" шағын ауданындағы базардың 2000 шаршы метрден асатын бір бөлігі заңсыз салынған. Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы оны жоспардан тыс тексеріс кезінде анықтады. Содан "Фирма Тигрохауд" ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ал аудандық сотқа заңсыз тұрғызылған базар алаңдарын бұзу туралы талап арыз жіберілді.


Оқи отырыңыз: Алматыда IQanat олимпиадасының финалдық кезеңі басталды


"2024 жылғы 1 наурызда сот ауданы 2125,62 шаршы метр болатын базардың бір бөлігін бұзу туралы шешім шығарды. 2024 жылғы 19 шілдеде Алматы қалалық соты бірінші шешімді өзгеріссіз қалдырды", – делінген ресми хабарламада.

Қазір әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен сүру жұмыстары басталды.