Израиль Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) ел тұрғындарын Иран тарапынан зымырандардың қайта ұшырылғаны туралы ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Telegram-дағы ресми хабарламада әскери қызметкерлер зымырандарды ұстау (құрсаулау) жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.
"Біраз уақыт бұрын Израильдің солтүстігіндегі бірнеше ауданда Ираннан ұшырылған зымырандар анықталғаннан кейін дабыл сигналдары қосылды. Халыққа Артқы шеп басқармасының нұсқауларын орындау ұсынылады. Қазіргі уақытта Израиль ӘӘК (Әскери-әуе күштері) қауіптің көзін жою үшін қажетті жерлерде зымырандарды ұстап, соққылар беруде", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ ЦАХАЛ елдің қорғанысы толық емес, яғни "герметикалық емес" екенін мойындады.
Иран Қарулы Күштері 16 маусымда кешке Израильге зымыраннан соққы жасайтынын ескертті. Осы ескертуден кейін Израильдің Хайфа қаласының маңында дабыл зорайтқыштар үні естілді. Израиль қорғаныс армиясы Ираннан ұшырылған баллистикалық зымырандарды орта жолдан ұстап алуға тырысады. Дабыл белгісі қосылған аудандардағы бейбіт тұрғындарға бомбадан бас сауғалау орындарында болуға нұсқау берілді.