Аты-жөні белгісіз ер адам Андхра-Прадеш штатындағы егіс алқабында жұмыс істеп жүріп, жерден бағалы тас тауып алды. Оны сатып, фермер 150 мың рупий (шамамен 900 мың теңге) пайда көрді, деп хабарлайды Zakon.kz.
The Times of India басылымының жазуынша, бағалы тасты табуға фермерге жауған нөсер жаңбыр көмектескен – жауыннан кейін жер қатты шайылып кеткен.
Бұл сәтті оқиға жаппай қазына іздеуге себеп болды – жақын маңдағы ауылдардан жүздеген адам Курнул қаласына ағылып келіп, байып кетудің жолын іздеуде.
"Көптеген адамдар отбасымен бірге алмаз іздеуге шығып, өздерімен бірге тамақтарын ала келеді де, алқаптарда күн ұзақ жүреді. Тіпті балалар да іздеуге қатысады", – деп жазады The Times of India.
Алайда мамандар Курнул аймағында мұндай олжалар өте сирек кездесетінін айтты.
Бұған дейін Арменияда құйын соғып, адамдар зардап шеккендігін жазған болатынбыз.