Қайғылы оқиға Петропавл қаласында тіркелген.

60 жастағы жүргізуші Ойқала шағын ауданынан бірнеше жолаушы мінгізген. Көлік ішінде олардың бірі темекі шекпек болған. Жүргізуші оған ескерту жасаған сәтте арада жанжал туындап, арты соққыға ұласқан, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жәбірленуші асфальтқа басымен құлап, ауыр жарақат алған. Бірнеше күн ауруханада жатып, көз жұмды.

СҚО полиция департаментінің мәліметінше, марқұмға ауыр дене жарақатын келтірді деген күдікпен бір азамат ұсталып, тергеу басталды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Қайтыс болған жүргізушіні еске алу белгісі ретінде Петропавл мен өңірдегі такси жүргізушілері 14 маусымнан бастап көліктеріне қара лента тағып, бір апта бойы аза тұтатындарын жеткізді.