АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина басшысы Владимир Зеленский осы "Үлкен жетілік" саммиті аясында кездесуі мүмкін.

Америкалық Axios басылымының дерегіне сүйенсек, кездесу саммиттің соңғы күні өтуі ықтимал, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өйткені, Владимир Зеленский шараға қонақ ретінде Канадаға ертең барады. Осыған дейін Америка және Украина басшылары сәуірде Ватиканда Рим папасы Францискті жерлеу рәсімінде жолыққан болатын.

Айта кетейік, бүгін "Үлкен жетілік" елдерінің басшылары Канадаға жиналды. "Үлкен жетілік" мемлекеттерінің басшылары Канаданың Кананаскис тау-шаңғы шипажайында бас қосады. Ұлыбритания, Италия, Жапония, АҚШ президенттері Кананаскис таулы шипажайда кездеседі. Сол жерде бүгін "Үлкен жетіліктің" 51-ші саммиті басталады. Олар Таяу Шығыс пен Украинадағы қарулы қақтығыс, АҚШ тарифтері және Ресей мұнайының бағасын төмендету сияқты ғаламдық мәселелерді талқылайды.