13 маусым күні Петропавл қаласында қайғылы жағдай орын алды: екі жасар бала күнбағыс дәніне тұншығып, көз жұмды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға болған сәтте үйде ересектер болмаған. Анасы бүлдіршінді үлкен балалармен қалдырып, дүкенге шығып кеткен. Осы уақытта ол күнбағыс дәнін жұтып қойған.
Жедел жәрдем бригадасы шұғыл шақыртылып, оқиға орнына келгенімен, баланы құтқарып қала алмады. Куәгерлердің айтуынша, баланың өмірі үшін екі бірдей жедел жәрдем тобы күрескен.
Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс тіркелгенін, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайлары зерттеліп жатқанын мәлімдеді.
Бұған дейін Жамбылда асыранды баласын өлтірді деген күдікпен әскери қызметші қсталғанын жазған едік.