Бүгін, 2025 жылғы 16 маусымда Астана әуежайында Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде қарсы алды. Кездесудің қалай өткенін Zakon.kz сайтына Ақорданың баспасөз қызметі айтып берді.
Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің ресми Telegram-арнасында жарияланған фотосуреттерге қарағанда, ұшақ баспалдақтарында құрметті қарауыл ротасы тізілген.
Мәртебелі мейманды қолдарына Қазақстан мен Қытайдың туын ұстаған балалар қарсы алды.