2025 жылдың 16 маусымында Атом энергиясы агенттігі Қазақстандағы бірінші атом электр станциясының құрылысы қашан аяқталуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, әлемдік тәжірибе атом электр стансасын жобалау, салу және пайдалануға беруден бастап 10-12 жылды құрайтынын көрсетіп отыр.

"Осылайша, құрылысты аяқтаудың болжамды мерзімі 2035-2036 жылдар. "Росатом" мемлекеттік корпорациясы бұл жоспарларға сәйкестігін растайды", – деп хабарлады Атом энергиясы агенттігі.

Әзірге агенттік жобаның құны туралы әзірге ештеңе айта алмайды.

"Шығынға келетін болсақ, біз қазіргі уақытта бәсекелестік диалогтың бөлігі ретінде "Росатом" ұсынған индикативтік шығындарды аша алмаймыз, өйткені бұл коммерциялық мәселе және біз ақпаратты жарияламау туралы келісімге байланыстымыз. Жобаның түпкілікті құны туралы айту әлі ерте. Түпкілікті құны жобалау және сараптама нәтижелері бойынша анықталады", – деп атап өтті Агенттіктің баспасөз қызметі.

2025 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан уран шикізатының иесі, операторы және өндірушісі, сондай-ақ болашақ атом электр станциясының барлық технологиялық процестерінің иесі болатынын мәлімдеді.