Американдық туристер мінген тікұшақ Афинаның оңтүстігіндегі Вульягмени шипажайында ұшып шыққаннан кейін бірден апатқа ұшыраған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ProtoThema English порталының мәліметінше, әуе кемесі маринадағы тікұшақ алаңына қонғаннан кейін қайтадан ұшуға әрекет жасаған. Алайда көкке көтерілгеннен кейін бірнеше секунд өткен соң, ол кенеттен құлап түскен. Бұл оқиға шомылып жүргендер мен демалушылар көп болған аймақта дүрбелең тудырды.

Бортта бес адам болған. Абырой болғанда, олардың барлығы аман қалып, қауіпсіз жерге жеткізілді. Жолаушылардың төртеуі – америкалық, біреуі – грек. Туристер Миконос аралына бет алған болатын.

Қазір пилот тергеу органдарына түсініктеме беріп жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа механикалық ақау немесе қатты жел себеп болуы мүмкін. Оқиға орнында сүңгуірлер жолаушылардың жеке заттарын судан алып шықты. Тікұшақты алдағы екі күн ішінде судан шығару жоспарланып отыр. Сол кезде апаттың ресми себебі де жарияланады.