Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Түркістандық “Тұран” клубының бапкерлік штабы отставкаға кетті

Басты себеп қаржы мәселесі болуы мүмкін.

“Тұранның” бүкіл жаттықтырушылар құрамы отставкаға кету туралы өтініш жазды. “Жеңіс” командасымен өтетін матчқа бірде-бір легионер шықпайды.

Сондықтан бүгін “Жеңіс” маусымдағы алғашқы жеңісіне жетеді деп нық сеніммен айтуға болады. Сонымен қатар, “Тұранның” сапынан бірнеше жас әрі болашағы зор қазақстандық ойыншылар кетеді.

Қазақстан Премьер-Лигасының 12-турындағы “Тұран” мен елордалық “Жеңіс” арасындағы матч бүгін, 14 маусым сағат 20:00-де Түркістанда өтуі тиіс.

Айта кетейік, қазіргі таңда “Тұран” футбол клубы 11 ұпаймен турнирлік кестеде 9 орында келеді.