Сот Жамбыл облысында жасөспірім қызды жылдар бойы зорлап келген ағайындыларға жаза тағайындады, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

13 жасар қызды өз әкесінің 35 және 37 жастағы інілері алты жыл бойы зорлап келген. Қыздың өзге туыстары бұдан бейхабар болған. Мектепке барып жүрген 13 жасар жасөспірім жүкті болып, ана атанғанға дейін оған ешкім мән бермеген көрінеді.

Жантүршігерлік жағдай белгілі болғанда ағайындардың бірі қашып кетіп, кейін ұсталған болатын. Азғындыққа барған екі ағайынды қатаң режимдегі колонияға жіберілді.

Ағайындылардың бірі өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Сот өзінің 13 жасар немере қарындасына зорлық көрсеткен екінші сотталушыға 20 жыл жаза кесті.

Дереккөз: "КТК" арнасы