Будапеште дзюдодан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Абиба Әбужақынова финалға шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
48 келіде белдескен отандасымыз жартылай финалдық белдесуде испаниялық Лаура Мартинестен басым түсті. Енді ол чемпиондық белдесуді италиялық Скутта Аккунтаға қарсы өткізеді.
Абиба Әбужақынова бүгін іріктеу белдесуінде Ресей, Бельгия, Жапония балуандарымен белдесіп, барлығында жеңіске жетті. Ол бұған дейін әлем чемпионатында екі мәрте қола жүлдегер атанған болатын.
Сондай-ақ, 48 келіде белдескен Ғалия Тынбаева алғашқы белдесуінде есе жіберсе, 60 келіде Шерзод Давлатов бірінші белдесуінде оңтүстіккореялық Ли Харимнен жеңілді. Ал Мағжан Шамшадин (60 кг) жұбаныш белдесуінде есе жіберіп, 7-ші орынға тұрақтады.