2025 жылдың басынан бері 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды ҚР ҚМА баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ:

— жалған инвестициялық жобалар туралы ақпарат таратқан 7 мыңнан астам интернет-сайт бұғатталды;

— жалпы аудиториясы 276 мың адамды құраған Instagram және Telegram желілеріндегі 43 заңсыз чат жабылды;

— 86 мыңнан астам азаматты тартқан 36 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды;

— 19 қаржы пирамидасына қатысты 46 сотқа дейінгі тергеу аяқталды;

— 12,5 млрд теңге сомасына мүлікке тыйым салу арқылы келтірілген шығынды өтеу қамтамасыз етілді.

Айта кету керек, 2021 жылдан бері 100-ден астам қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылған.

227 ұйымдастырушы нақты мерзімге бас бостандығынан айырылды.