Жол апаты Өтеген батыр ауылында болды.

Алматы облысында жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, автобус аялдамасына соғылды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

ПД мәліметінше, жол апаты 13 маусым күні Өтеген батыр ауылында болды.

"Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы Жансүгіров көшесінің бойымен келе жатқан BMW-323 автокөлігінің жүргізушісі рульді басқара алмай, аялдамаға соғылды. Салдарынан көлікте отырған жолаушылардың бірі оқиға орнында қаза болды", – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Алматыда екі есірткі зертханасы мен прекурсорлары бар ірі қойма тәркіленді


Жүргізуші мен тағы бір жолаушы шұғыл ауруханаға жеткізілді.

"Өкінішке қарай, көлік тізгіндеген адам есін жимастан, жансақтау бөлімінде қайтыс болды", – делінген хабарламада.