Қазақстан аумағына циклондар жылжуынан тоқтамай жатыр. Бұл ретте, "Қазгидромет" РМК 14-16 маусым аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің ақпаратынша, алдағы күндері солтүстік-батыс бағытынан жаңа циклон жылжи бастайды, онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер жауын-шашын мен найзағай алып келеді.
Мәселен,15–16 маусымда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының жекелеген аудандарында нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін, сондай-ақ ауа температурасы төмендейді.
"Ал елдің оңтүстік жартысы Иран аумағынан келіп жатқан жылы ауа массаларының ықпалында қалып, жоғары ауа температурасы сақталады",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін 2025 жылғы шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалатындығын жазған болатынбыз.