14 маусымға қараған түні Алматы қаласындағы Абай даңғылының бір бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
AlmatyJoly мәліметінше, Әуезов ауданында алдағы жылыту маусымына дайындық аясында жылу жүйелеріндегі жабу және реттеу арматурасын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.
"Жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 13 маусым күні сағат 23:00-ден 14 маусым күні сағат 08:00-ге дейін Абай даңғылы бойымен №26 үйден Саин көшесіне дейінгі аралықта (батыс бағытта) автокөлік қозғалысы шектеледі", – делінген хабарламада.
Жөндеу жұмыстары кезінде қозғалыс автобус жолағы арқылы ұйымдастырылады.
Шығыс бағыттағы қозғалыс өзгеріссіз қалады.
Бұған дейін 2025 жылғы шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалатындығын жазған болатынбыз.