Дегенмен, сарапшылар жаңа технологияларды енгізуге байланысты жағдай жақсарып келе жатқанын айтады .

2024 жылы әуе компаниялары 5,3 миллиард жолаушыны тасымалдап, рекордтық көрсеткішке қол жеткізген. Бұл ретте жолаушылардың жүгімен байланысты оқиғалар көрсеткіші 1000 жолаушыға шаққанда 6,3 жағдайды (2023 жылы 6,9) құраған. Ал 2007 жылмен салыстырғанда жолаушылардың жүгін жеткізудің тиімділігі 67 пайызға артты. Бұл туралы SITA Baggage IT Insights 2025 есебінде айтылған.

Есеп мәліметтеріне сүйенсек, 2024 жылы жолаушы жүгін дұрыс жеткізбеумен байланысты 33,4 миллион жағдай тіркелген. Оның ішінде 22 миллион жағдайда SITA WorldTracer® жүйесінің көмегімен жүк 48 сағат ішінде иесіне табысталған: 12 сағатта – 16 пайызы, 24 сағатта – 38 пайызы, 48 сағатта – 46 пайызы.

"Жүкті бақылауға жүйесін енгізу және оны автоматтандыру арқасында салада ілгерілеу барын байқап отырмыз. Бүгінде жолаушылар жүк жеткізу саласында такси қызметіндегі секілді ашықтық пен ыңғайлылықты қалайды. Сондықтан, әуе компаниялары клиенттік тәжірибені арттырып, сонымен бірге шығындарды кемітетін технологияларды қолдануға дайын. Сондықтан, біз жолаушылардың ұшар алдында, ұшу кезінде және баратын жеріне жеткен соң жүгін бақылай алатын жүйені жетілдірудің жолдарын қарастырып жатырмыз", – деді SITA бас директоры Дэвид Лаворель.

Жыл өткен сайын жолаушылар саны артып, сәйкесінше әуе жүгінің де көлемі артуына байланысты оларды бақылауға арналған технологияларға жасанды интеллект элементтері белсенді енгізіліп жатыр. 2024 жылы жолаушылардың 42 пайызы жүгі туралы ақпаратқа нақты уақыт режимінде қол жеткізген. Бұл ретте жолаушылардың жартысына жуығы өз жүгін мобильді қосымша арқылы бақылау мүмкіндігінің болуы әуе компанияларының қызметіне деген сенімді арттыратынын атап өткен. Сондай-ақ, жолаушылардың 38 пайызы цифрлық айқындаушы белгілер туралы ұсынысты оң қабылдаған.


Оқи отырыңыз: Блэкаут не төтенше жағдайға қарамастан, әуежайда байланыс үзілмеуі керек – SITA


2024 жылы Apple Share Item Location функциясы SITA WorldTracer® жүйесімен біріктірілді. Соның арқасында жолаушылар жүгі жоғалған кезде әуе компанияларына оның қайда екенін айтып бере алады. Сәйкесінше, бұл мәселені шешуді жеделдетеді. Бұл технологияны British Airways, Lufthansa, Qantas, Cathay және Virgin Atlantic әуе компаниялары алғашқылардың бірі болып енгізген.

Сондай-ақ, 2025 жылы салада жаңа Modern Baggage Messaging стандарты бекітілді. Болжам бойынша, ол жолаушылар жүгінің дұрыс жеткізілмеу жағдайларын 25 пайызға дейін қысқартады.

"Әрбір жүк маңызды. Сондықтан, оны жеткізуде қателіктерді жойып қана қоймай, жалпы тасымал процесіне жолаушылардың сенімін арттыру керек. Ал бұған жаңа технологиялар мүмкіндік береді", – деп атап өтті SITA компаниясының жүк өңдеу бөлімінің директоры Николь Хогг.