Әзербайжанда Түркі мемлекеттері ұйымының Жастар және спорт министрлерінің жетінші отырысы өтті. Аталған жиында «Ленкорань – Түркі әлемінің жастар астанасы» атты халықаралық бағдарламаның жабылу салтанаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің жастар делегациялары қатысты. Жиын аясында кәмелетке толмағандарға арналған волонтёрлерді оқыту бағдарламасы мен ТМҰ үлгісін құру жөніндегі конференция ұйымдастырылды.
Айта кетсек, бұған дейін Будапештте өткен ТМҰ-ның бейресми саммитінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы Алматы қаласы Түркі әлемінің жастар астанасы болатынын мәлімдеген еді.