Денсаулыққа зиян келмес үшін кәуәпті қанша мөлшерде жеу керек? Бұл сұраққа Мәскеудің бас диетологы Антонина Стародубова жауап берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оның айтуынша, дені сау адам үшін қауіпсіз мөлшер 100-150 грамнан аспауы тиіс. Ет қаншалықты майлы болса, порция да соншалықты аз болуы керек.
Кәуәп — майлы әрі қорытуы қиын тағам, сондықтан оны жиі жеуге болмайды. Бастысы, шамадан тыс жемеу. Тіпті бір рет шамадан тыс жеудің өзі асқазанда ауырлық, кебу және ауырсыну туындатуы мүмкін.
Диетолог сондай-ақ табиғат аясында тәтті сусындарды көп ішпеуге кеңес берді. Ең дұрысы — ауыз су, сондай-ақ лимон немесе жалбыз қосылған салқын шай, морс және қант мөлшері аз компоттар. Тәтті сусындар шөлді баспайды, есесіне семіздік, диабет пен жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін арттырады.