Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің қызметіне табыс тіледі.
Мемлекет басшысы Ресей президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді осы елдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады. Елдеріміздің арасындағы достық және тату көршілік қатынастардың деңгейі жоғары. Бұл стратегиялық серіктестік және одақтастық рухына толықтай сай келеді", – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің елінің өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.
Оқи отырыңыз: Тоқаев: Қазақ-словак ықпалдастығы жаңа деңгейге көтеріледі деп сенемін