Тараз қаласының соты Жамбыл облысы бойынша Экология департаментінің басшысы Т.Смағұловқа, «Тараз металлургия зауыты» ЖШС бас директорының орынбасары Б.Полатбековке және осы кәсіпорынның экологы М.Асанға үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Антикор мәліметінше, Смағұлов пара алғаны үшін, ал зауыт өкілдері экологиялық заңнаманың сақталуын тексеру кезінде бұзушылықтарды жоюға мүмкіндік бергені, жалпы қамқорлығы және пара бергені үшін кінәлі деп танылды.
Смағұлов, Полатбеков және Асан жалпы сомасы 24 млн теңге айыппұл салуға сотталды. Бұдан басқа, олар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылады, — делінген мәліметте.
Сот актісі заңды күшіне енді.