Халықаралық күрес федерациясы жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады. Ең үздік көрсеткіш әйелдер күресінен 72 келіде белдесетін Жәмила Бақбергенова тиесілі. Ол өз салмағында 51 мың ұпаймен бірінші орында тұр. Еркін күрес бойынша 57 келіде күресетін Нұрқожа Қайпанов екінші, 63 келідегі Дәулет Ергеш үшінші орында тұр. Грек-рим балуандарының ішінде 55 келіде Ержет Жарлықасын төртінші, 62 келіде Демеу Жадыраев алтыншы, 68 келіде Нұрсұлтан Тұрсынов жетінші және аса ауыр салмақта Әлімхан Сыздықов оныншы сатыға жайғасқан.

Асылбек Данияр