Қазақстан тарапы оны экстрадициялау бойынша Түркияға тиісті құжаттарды жолдаған.
Түркияда ұсталған "Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан Қазақстанға әлі келген жоқ, Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Әсет Шыңдалиев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Өздеріңіз білетіндей, ол Түркияда ұсталды. Қазір сол жақта қамауда отыр. Әлі (Қазақстанға) келген жоқ. Біз барлық құжаттарды Түркияға жібердік. Енді олар біздің құжаттарды қарап, шешім қабылдайды", – деді Әсет Шыңдалиев Мәжіліс кулуарында.
Айта кету керек, бұған дейін Талғат Ардан Түркияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланатынын жазған едік.