"Қазпошта" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметіне Бекежан Искандарұлы Жакеев тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бекежан Жакеев – құқық және экономика салалары бойынша жоғары білімді маман. Ол "Әділет" Жоғары құқық мектебі жанындағы Заң академиясын "Құқықтану" мамандығы бойынша, сондай-ақ Астана қаласындағы Еуразиялық гуманитарлық институтты "Экономика және бизнес" мамандығы бойынша аяқтаған.
Жаңа қызметке келмес бұрын, ол "Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
Еске салайық, бұған дейін "Қазпошта" АҚ-ны Әсел Жанасова басқарған болатын. Ол бұл лауазымды екі жарым жылдан астам уақыт атқарып, жуырда Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.