Қызылорда облысындағы ежелгі Жанкент, Сығанақ қалашықтары мен Жетіасар мәдениетінің ескерткіштері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енуі мүмкін, деп хабарлайды 24KZ. Облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы мамандарының мәліметінше, аталған нысандардың жан-жағы қоршалып, арнайы қорғау аймақтары белгіленді .

Сонымен қатар археологиялық қазба жұмыстары мен консервациялау шаралары жалғасады. Бәбіш-Мола көне қонысында да жыл сайын кешенді археологиялық қазба жұмыстары жүргізіледі. Ал Ғылым және жоғары білім министрлігі бөлген грантқа Жетіасар мәдени ескерткіштері зерттеліп жатыр. «Мұндай шаралар өңірдің туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді», – дейді мамандар.

Ғалымжан Садықов, тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығының бөлім басшысы:

- Жалпы ЮНЕСКО тізіміне енген жағдайда бұл ескерткіштердің ең алдымен туристік имиджі артады. Бұл ескерткіштер әлемдік деңгейде танылады. Бұған байланысты ЮНЕСКО-дан арнайы шаралар да ұйымдастырылады. Туризмнің және туристік инфрақұрылымның дамуына үлкен әсерін тигізеді.