Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің басшысы Е. және шаруа қожалығының басшысы М.-ға қатысты алаяқтық жасады және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды деген айыппен қылмыстық іс қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот келесіні анықтады:

2022 жылғы қаңтар 2024 жылғы шілдеаралығында Е. және М. ауыл шаруашылығыөнімдерін өңдегені және сүт өнімдерін май, ірімшікалғаны үшін негізсіз субсидиялар алу түріндегі асаірі мөлшерде алаяқтық жолымен бюджетқаражатын ұрлауға сөз байласқан.

М. ШҚ-ның басшысы ретінде, АШӨК-ке сүттіөткізу туралы шот-фактураларға сүт көлемін асыра отырып, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтеренгізді.

Ал, АШӨК басшысы Е. ШҚ-на сүт сатып алу көлемі мен өндірілген өнімді (май мен ірімшік)асырып, жалған шот-фактураларды ұсынды.

Сатып алынған шикізат пен сатылған өнімтуралы жалған мәліметтерді көрсете отырып, субсидиялар алуға өтінімдер берілді.

Ұсынылған мәліметтер негізінде, МемлекетАШӨК шотына субсидиялар төлеуді жүргізген.

Аудиторлық есеп пен жүргізілгенсараптамаларға сәйкес, АШӨК атына 247 млн. теңге субсидиялар негізсіз төленді.

Осылайша, Е. және М. адамдар тобында, аса ірімөлшерде алаяқтық жасады (ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы).

Сонымен қатар, қылмыстық кірісті жасырумақсатында, Е. басқа адамның банктік шоттарынақаражат аударған, қаражаттың бір бөлігіне олмүлікті сатып алып, жалға беріп табыс алып отырған.

Осылайша, Е. мүлікті сатып алу және жалғаберу түрінде мәмілелер жасау арқылы кірістер алу мен материалдық байыту мақсатында, қылмыстықжолмен алынған ақшаны заңдастырды, заңды айналымға тартты (ҚК-нің 218-бабының 1-бөлігі).

Е. және М. кінәсі аудиторлық есеппен, ШҚжәне АШӨК жұмысшыларының, куәгерлердіңайғақтарымен, салық мәліметтерімен, Е. және М. арасында хат алмасулары және келіссөздерімен, сарапшылардың қорытындыларымен, банкшоттарының мәліметтерімен, арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелерімен, жасырынтергеу әрекеттерімен және істің басқа да материалдарымен расталды.

Жаза тағайындауда сот кінәлілерде жасбалалардың болуын жеңілдететін жағдай деп ескерді.

Сот үкімі

Сот үкімімен Е. және М. әрқайсысына 6 жыл 4ай бас бостандығынан айырылды, қылмыстықжолмен алынған мүлікті тәркіленіп, материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Мемлекет пайдасына сотталғандардан 232,4млн. теңге келтірілген зиян өндірілді.

Е. сатып алған жылжымалы мүлік (контейнер)мемлекет кірісіне тәркіленді.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.