Смартфон немесе планшетке күніне екі сағаттан артық үңілу жасөспірімдерде мазасыздықтың даму қаупін екі есе, ал депрессияның даму ықтималдығын төрт есе арттырады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Daily Mail Канададағы нейроғалымдардың зерттеуіне сілтеме жасап мәлімдеді.
9 айлық зерттеу нәтижелері алаңдатарлық
Канада ғалымдары 12–17 жас аралығындағы ұл-қыздар арасында жүргізген тоғыз айлық зерттеу нәтижесінде, экран алдында ұзақ уақыт өткізу олардың психикалық денсаулығына кері әсер ететінін анықтады.
Нәтижелер:
- Жасөспірімдерде мазасыздық, депрессия, агрессия және импульсивті мінез-құлық бірнеше есеге артқан;
- Зерттеуге қатысқандардың 45%-ы бұрын мұндай белгілер болмағанын, бірақ зерттеу соңында медициналық көмекті қажет ететін психикалық өзгерістерді байқағанын айтқан.
Ғалымдар да нәтижеге таң қалды
Канада денсаулық сақтау институтының нейробілім жөніндегі доценті Эмма Дьюрден бұл нәтижелердің күтпеген және алаңдатарлық екенін атап өтті:
Бұл мәліметтер бізді таңғалдырды. Біз бұндай жоғары көрсеткіштерді күтпеген едік. COVID-19 індетіне дейін жасөспірімдер арасындағы мазасыздық деңгейі 8–15% шамасында болатын. Қазір біз әр екінші жасөспірімнің мазасыздық пен депрессия белгілерін байқайтынын көріп отырмыз, — дейді ол.
Оқи отырыңыздар:
- Енді мектепте берілетін тамақта қант, май, тұз мөлшері азаяды
- Семейде велосипед мінген жігітті жеңіл көлік қағып кетті
Смартфонға тәуелділік және думскроллингтің зияны
Бұған дейін психологтар «думскроллинг» (жағымсыз жаңалықтарды үнемі оқи беру) әдетінің де психикалық және физикалық денсаулыққа зиянды екенін айтқан. Ол депрессия, жүрек аурулары және ас қорыту жолдарының бұзылуына әкеп соғуы мүмкін.